Шымкентте отандық ғалымдар жеміс сүйектерінен май және медициналық-өндірістік мақсатта пайдаланылатын көмір өндіретін ғылыми жаңалығын жария етті,-деп хабарлайды 24 kz. Тың жоба жайында 300-ге тарта ғылыми еңбек жарияланып, көптеген тәжірибелік зерттеулер жүргізілген.
Сараптама қорытындысына сәйкес осы өңірде өсетін жеміс сүйектерінде пайдалы химиялық элементтердің аса көптігі анықталған. Сондықтан ғалымдар жаңа өнімін патенттеп, өндіріске ұсынбақ ниетте. ҚР Білім және ғылым министрлігіде тиімді жобаны қолдап, арнайы грант бөлген. Ғалымдар осы қаржыға жаңа өнім түрін кең қолданысқа шығарғалы жатыр. Әрі бұл жобаға қаржы салуға жергілікті кәсіпкерлер де қызығушылық танытып отыр. Сәтін салса,, 2019 жылға қарай еліміздің оңтүстігінде 360 тонна жеміс сүйегінің майы және 850 тонна белсендірілген көмір өндіріледі. Бұл отандық нарықты түгел қамти қоймаса да жоба иелері ішкі нарық сұранысына сай өнім көлемін арттырып отырамыз, дейді.
Марат Сатаев, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің өкілі: - Көмір алуды лабораторияда эксперименталды жұмысымен патентті алып, көптеген өндірістерде сынақтан өткіздік. Бұл өндірістерді атап айтатын болсақ, ауыз су тазалау, майларды тазалау, өндірістегі ластанған газдарды тазалау процестерінде сынақтан өткізіп, өте жақсы нәтижелер алдық.