12.05.2017 в 14:21

Шымкентте прокурорлық кеңсе ашылды

Шымкентте халыққа тегін кеңес беретін прокурорлық кеңсе ашылды. Бұл – еліміз бойынша Астанадан кейінгі екінші орталық. Онда күні бойы кезекші прокурорлар халықтың талап-тілектерін қабылдап, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

Осыған байланысты облыстық бас прокуротура өкілдері  «Халыққа арналған прокуратура» атты бастаманы қолға алды. «Жоба  азаматтардың өтініштерін уақытылы қарап қана қоймай, мәселелердің қысқа мерзімде әділ шешімін табуына көмек береді», – дейді мамандар. Анна Дайбова, қала тұрғыны: -Менің күйеуім осыдан 7 жыл бұрын қайтыс болды.Содан бері кәмелетке толмаған балаларымның мұрагерлік құжаттарын заңдастыра алмай жүрмін. Бармаған жерім қалмады. Балаларым жан түршігерлік жағдайда күн кешіп жатыр. Мен соңғы үмітпен осында келіп отырмын. Маған прокурорлар көмектесеміз деп уәде берді. Марат Сматов, Еңбекші ауданының прокуроры: -Арыз-шағымдарды қарау тәртібі және де қазіргі өзгерістер бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстармен танысуға толық мүмкіндік бар.Ол арыздар бойынша ары қарай түпкілікті тез арада шешім қабылдау үшін осындай жағдай жасалып отыр.