Шымкентте әр шаршы метр аумаққа 38-40 түп гүл егіледі.
Қала аумағындағы қызғалдақ гүлдері біраз уақыт бұрын отырғызылған, ендігі кезекте өзге де гүлдердің қатары артады. Бірқатар тұқымдас гүлдер Сарыағаш қаласынан жеткізілуде. Бұл барқыт гүлдер Тәуке хан, Момышұлы, Қонаев және Республика даңғылдарының бойында, Ордабасы алаңы мен өзге де көрікті орындарда әр беріп тұратын болады.
Күні бүгінге дейін қала аумағында қызғалдақтың 320 мың түп көшеті егілген. Алдағы уақытта қаланың әрбір шаршы метріне гүлдердің 38-40 түбі отырғызылады.