12.06.2017 в 22:37

Шымкентте қаланы көркейту жұмыстары жалғасуда

Нақты айтқанда, беті ашық қалған құдықтар анықталып, жабылуда. Оларға бұзылуы қиын қақпағы бар темір-бетон құрылымдар орнатылуда. Бұған қоса арықтар қоқыстан тазартылуда. Осы орайда қалалық коммуналды қызмет өкілдері тұрғындардан арықтар мен құдықтарға қоқыс тастамауды сұранады. Ал беті ашық шұңқырды көрген жағдайда жергілікті аудан әкімдігіне хабарласуды сұрайды.

      Абай ауданы - 21-41-71;

      Әл-Фараби ауданы - 54-58-46;

      Еңбекші ауданы - 43-31-98, 53-27-43;

      Қаратау ауданы - 42-10-20, 42-20-19, 42-10-29 немесе "Халықтық кеңсеге" 545-545 нөмірі бойынша хабарласуға болады. Бұған қоса Шымкент қаласы әкімдігінің Whats App қызметінің +7 777 885 8513 нөміріне хабарлама жіберуге, қаланың тәулік бойғы диспетчер қызметіне 53-00-15, 53-98-61 нөмірлеріне хабарласуға болады.

      Шымкенттің таза әрі қауіпсіз қала атануына күш салайық!