Шымкент... еліміздің үшінші мегаполисіне айналуы үшін қала көшелерінің тегіс болғаны жөн. Бұл бағытта 3 жылдан бері қарқынды жұмыстар жүргізілуде. 2015 жылы шұрық тесік жолдарды жөндеуге 6,5 миллиард теңге қаржы жұмсалған. Былтыр бұл қаражат 2 есе өсті. Ал, биыл жолдарды асфальттауға 14 миллиард теңге қаражат бөлініп отыр.
Шымкент қаласы бойынша көшелердің ұзындығы - 2882 шақырым. Оның жартысы асфальттанған, қалғаны - шағал тас пен топырақ жол. Былтыр 219 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал, биылғы жұмыс көлемі одан да ауқымды.
Қуатжан Жұматаев – Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы
Біздің есептеуіміз бойынша көлік ағымы жылына 20-25 пайыз өсіп жатыр. Сондықтан, Төреқұлов көшелерін кеңейтіп, Астана даңғылын ары қарай созып жатырмыз. Қатынкөпірдегі Әл-Фараби көшесі Темірлан тас жолына параллель көше болады.
Биыл жөндеу жұмыстары 243 көшеге жүргізіледі. Бұл мақсатқа 14 миллиард теңге қаражат бағытталады.
Қуатжан Жұматаев – Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы
Біздер мына Шымкент қаласынң концепциясына сәйкес, 2020жылға дейін қаладағы топырақ жол, тас жолдарды асфальттап, яғни, инфраструктураны күшейту мақсатында талап қоюға болады.
Сонымен бірге, Бекжан базары мен Бәйдібек би көшелерінде жолайырықтар салынады. Ал, Жаңа шаһар мен «Самал» базары маңында жерүсті өткелінің жұмыстары жүргізіледі.