2015-2019 жж. Индустриаландыру бағдарламасы аясындағы республикадағы 630 жобаның 135 немесе 21% Оңтүстік Қазақстан облысының үлесінде.
Ағымдағы жылы облыста бағдарлама аясында 37 млрд. теңгеге 17 жобаны іске қосу, 900-ден астам жұмыс орнын құру жоспарлануда.
Ал 4 айда 1,7 млрд. теңгені құрайтын 3 жоба іске қосылып, 75 жаңа жұмыс орны ашылды.
Басымды бағыт - инвесторлармен бірігіп, ірі жобаларды іске асыруды қолға алу.
Мысалы, Қазығұрт ауданында 603 млн. теңгеге құрғақ сүт және сары май шығару зауытын салып, іске қосу жұмыстары жүргізілуде (Қуаттылығы жылына 18 мың тонна).Сонымен қатар, «Ордабасы-Құс» ЖШС-мен күрке тауық етін өндіру өндірісі қуаттылығын жылына 25 мың тоннаға ұлғайту көзделіп отыр.
Облыста алғашқы рет жібек шаруашылығы қолға алынды. Бәйдібек ауданында «Жібек және бау-бақша өнімдері бірлестігі» құрылып, жібек құртының азығы болып табылатын тұт ағаштары 25 га алқапта отырғызылды.
Облысқа бағытталған инвестиция көлемі 1,6 есеге артты.
Ал, биылғы жылы шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 176 684 бірлікті құрап, республикадағы үлесі 15,3 % жетті.
2017 жылы бұл бағытқа жалпы 5 млрд. теңге қарастырылып, 2 075 адамды қаржыландыру, мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарлануда.
Сонымен бірге «Даму» қоры, Аграрлық-несие корпорациясы, басқа да қаржылық институттар тарапынан кәсіпкерлер үшін ұтымды жағдай жасадық.
Екінші деңгейдегі банктер арқылы қазынадан 1 млрд. теңге бюджеттік кредит бағытталып, («Даму» қоры – 500 млн. тг; жергілікті бюджет – 500 млн. тг) шағын және орта бизнеске 8,5 %-бен несие беріледі.