Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Биыл тестілеу 20-26 маусым күндері өтеді. Шымкентте 5059 мектеп бітіруші ҰБТ-ға қатысуға ниет білдірсе, соның 4072-сі қазақ тілінде, ал 987 түлек орыс тілінде тест тапсырады. Тестілеу 3 орында өтеді.
ҰБТ тапсырмалары 2 блокқа бөлінген. Біріншісінде талапкерлер математикадан 20 тапсырма орындап, оқу сауаттылығынан - 20, Қазақстан тарихынан 20 тапсырма орындауы тиіс. Екінші бөлікте түлектер алғашқы бейінді пәннен - 30 сұраққа, екінші бейінді пәннен де 30 сұраққа жауап береді.
Айта кетейік, қорытынды аттестация бойынша Шымкенттегі мектеп бітірушілерінің білім дәрежесі 68,8 пайыз деңгейінде. 248 түлек "Алтын белгіден" үмітті. 164 оқушы үздік аттестат алды. Жалпы, қорытынды аттестацияға 7324 түлек қатысқан.