Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» ҚР Конституциялық заңына өзгерістер енгізу туралы заң жобасын талқылау барысында сенатор Қожахмет Баймаханов былай деді:
«Сенат депутаты болғаныма алты жыл болды. Алты жылдан бері байқағаным, Экономика министрлігі (қазіргі Ұлттық экономика министрлігі – агенттік) мен Қаржы министрлігінің қайсысы мықты болса, сол басым уәкілеттілікті өзіне алатын сияқты. Бір ғана мысал айтайын. Жалпы, әр министрлікте сонау кеңес үкіметінен келе жатқан жақсы мамандар, жақсы орындаушылар болады. Соның бірі Кармазина Лена Мағауянқызы деген кісі. Сол кісі төрт рет Экономика министрінің орынбасары, төрт рет Қаржы министрінің орынбасары болды. Досаев мырза келіп, қайтып алып еді, кеше Сұлтанов мырза қайтадан өзіне алды. Сондай жағдай бар. Айналдырған он алты миллион халықпыз ғой!? Бір Мәскеу қаласының тұрғындарындай ғана халықпыз... жұмыс жасалып жатыр. Бірақ, кейбір осындай мәселелер кездесіп жатады, біздің қанша дегенмен өндірісте істегеніміз бар, сенаттағы депутаттығымыз бар, жанымыз ашиды. Біз де осылардың жағдайы жақсарса екен деген тілекте отырған азаматтармыз»