22.06.2017 в 22:32

«Арыстанбаб» кітапханасы ЭКСПО туристерінің сүйікті мекеніне айналды

ХХ ғасырдың 30 жылдары «пролетарлық атейзмнің» кесірінен талай киелі мекендеріміздің көзі жойылды. Азаттық таңы атқан тұста ғана бірқатары қайта түледі. Күрделі жөндеуден өтті. Солақай саясат кесірінен қираған қасиетті нысандардың бірі «Арыстанбаб» кітапханасы болатын. Тарихи орын «Астана-ЭКСПО» арқасында туристердің сүйікті мекеніне айналды. Қазір мұнда түрлі көрмелер ұйымдастырылып тұрады.

Отырар - V ғасырдың өзінде әлемге аты мәлім болған көне шаһар. Киелі мекеннің абыройын асқақ еткен айбынды кітапхана болған. Өткен ғасырлардан сыр шертетін ілім-білім ұясы  талай ғұлама санасына нұр құйып, әріп танытқан.

Кітапханадан өз заманында  араб, парсы, түркі тілдеріндегі ең құнды еңбектерді тауып, оқуға болатын еді. Бірақ, ғұламалар мен сопылардың түпнұсқа туындылары қапыда жоғалды. Өткенге салауат. Қолда қалғанның өзі талай оқырманның көкірегін ашуға жарайды. Халықаралық көрме барысында 60-қа жуық кітап тарихи орындарға қойылып, туристер назарына ұсынылуда.

 «ЭКСПО» - азаттығымыздың айбынын арттырып, киелі тарихымызды көпке үлгі етер кез. Сындарлы сынның үдесінен шығып, шетелдік қонақтарға халқымыздың дархандығы мен қаһармандығын көрсету  - осы орайда әрбірімізге азаматтық парыз.