Бұл мәселе қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов пен белгілі тарихшылар, сәулетшілер мен әкімдік бөлімдерінің өкілдері қатысқан жиында кеңінен талқыланды.
Жиын барысында бірнеше маңызды шешім қабылданды. Олардың қатарында сәулеттік ескерткіш маңындағы жерлерді заманауи құрылыс нысандарынан тазарту және учаскелерді мемлекет мұқтажына алу, сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру жұмыстары зерделенді. Сонымен қатар, осы жобаға қаржы құю үшін кәсіпкерлерді ынталандыру да маңызды болмақ.
Ең бастысы – адамда ынта болуы керек. Сонда ғана көздеген мақсатымызға қол жеткізе аламыз, – деді қала әкімі.