23.06.2017 в 23:28

Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесі атап өтілді

Бүгін мемлекеттік қызметкерлер күніне арналған салтанатты шара өтіп, онда 10 мемлекеттік қызметші ант қабылдады. Онда Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қызметкерлерді кәсіби мерекемен құттықтады.



Айта кетейік, қазіргі таңда Шымкентте 500-ге жуық мемлекеттік қызметші еңбек етуде. Биыл «Б» корпусындағы 369 мемлекеттік қызметшінің барлығы аттестациядан өтіп, өздерінің біліктілігін дәлелдеді. 15 маманның лауазымын жоғарылату жөнінде ұсыныс жасалған.


Жиналыс барысында түрлі дәрежеде еңбек өтілі бар 10 мемлекеттік қызметкерге қала әкімінің «Алғыс хаты» табысталды. Ал тағы 10 қызметкер «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға сәйкес, салтанатты түрде ант берді. Салтанатты іс-шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.