05.07.2017 в 12:57

Шымкенттік өнертапқыш жел генераторын ойлап тапты

Шымкенттік өнертапқыш Мақсат Жолдасов жел генераторын ойлап тапты. Жоба баламалы энергия көздерін өндіруге бағытталған. Қондырғы жергілікті жердің климатына бейімделіп жасалған. Енді Мақсат отандық жел генераторы кәсіпорынын салуды ұсынып отыр. Халықаралық «ЭКСПО» көрмесі оның бұл жобасын жетілдіре түсуге септесті.Жел генераторын жасау идеясы Мақсат Жолдасовқа отбасымен табиғатта демалып жүрген кезінде туды. Желді ауа райы отбасы бюджетін үнемдейтін қондырғыны ойлап табуға себепші болған. «Оңтүстік - қызғалдақтар отаны. Сондықтан, жобаны әдемі Грейг гүлінің көрінісімен   жасадым»,-дейді кейіпкеріміз.

Мақсат Жолдасов - Өнертапқыш

Қолданатын орыны әртүрлі. Біздің Қазақстанда жазық еер жетеді.Соған сәйкес жел де жиі тұрады.Бұл  қондырғыны жаңа Жібек жолы бойына қоюға болады.Онда логотивін қойып, әрі жарнаманы да орналастыруға болады. Сонда халық бұл мәселеге назар аударатын болады..

Жобаның макеті  әзірге пластикадан жасалған.  Экологиялық жағынан таза. Ал, жел тұрмаған жағдайда, күннен қуат алады. Тиімдісі сол - бұл механизм дыбыссыз жұмыс істейді. Ең бастысы қоршаған ортаға  зияны жоқ.

Өнертапқыштың айтуынша, Қазақстан мұндай қондырғыларды  шетелден тасымалдайды. Бірақ, техниканың тілін жетік білмегендіктен, етек-етек қаржыға келген дүниені игеру қиындық туғызады. Әрі шетелдік техника жергілікті климатқа бейімделіп жасалады. Секундына 5 - 25 метрге дейін жылдамдықта жұмыс істейтін қондырғылар кейде қатты желден сынып қалуы мүмкін. Ал, Мақсаттың генераторында жылдамдықты баяулататын тежегіш бар.

Мақсат Жолдасов - Өнертапқыш

1 гектар аумаққа елуден астам қондырғыны қоюға болады..Бір қондырғының биіктігі 3,5 метр болады.Ені 2,5 метр болмақ.Ол  секундына  3,5 метр жылдамдықта электр қуатын беретін болады.

Мақсат жобасын халықаралық «ЭКСПО» көрмесіне жөнелтуді жоспарлаған еді. Алайда, қаржы тапшылығына байланысты бұл ойын жүзеге асыра алмады. Баламалы энергия көзін өндіретін құрылғыны жүзеге асыруге қол ұшын беретіндерге үміт артуда. Өнертапқыш  өзінің бұл жобасына жергілікті билік пен инвесторлар көңіл аударады деп сенеді.