10.07.2017 в 21:32

Ордабасы ауданында 14 кооператив құрылды

Жолдауда айтылған кооперацияға бірігу мәселесі бүгінде қарқынды түрде жүзеге асып жатыр. Жоспар еселеніп артығымен орындалуда. Мәселен, Ордабасы ауданы 8 кооператив құруды жоспарлаған болса, бүгінде мұнда 14 біріккен ұжым бірлікпен еңбек етуде.

Ордабасы ауданында құрылған 14 кооперативтің 7-і - Төрткүл аймағында жұмыс істеуде. Біріккен  ұжымның бірі – «Рамазан агро». Серіктестіктің 400 гектар жері бар. Оның 320 гектарына мақта егеді. Ұжымдасу арқылы жұмыс  жүйеленді. Мемлекеттен берілетін қолдауға ие болды. Бүгінде немістің «Байер» компаниясының жаңбырлатып суару технологиясын ендірді,-деп жазады  shymkenttv.kz  сайты. 

Жасұлан Шериев - «Рамазан агро» кооперативінің агрономы

Мұның үнемдігі селитра, суден потеря болмайды.Биыл 1-ші рет қолданып отырмыз. 20 –дай Джон Дир заманауи үлгідегі техникамыз бар.  Былтыр гектарына 40-45 центнерден алғанбыз. Кейбір жерлерінен 50 тоннаға дейін алдық. Биыл да сол 40-45 центнерді аламыз жеп отырмыз. 

Жеке саяқ жүрген шаруалар бұндай көмектен құралақан қалады. Сондықтан, шаруалар жеделдетіп бірігуге асығуда. Таяу арада Төрткүлде «Өрлеу» кооперативі құрылмақ. Сөйтіп, Үкіметтен «Рамазан Агро» секілді техникаға берілетін инвестсубсидия алуға қол жеткізбек. Ал, Нұрлан Жорабеков басқаратын «Асыл» шаруа қожалығы 25 жыл тынбай еңбек етіп келеді. Бүгінде 300 ірі қарасы бар. Оның 100-і бордақыға қойылған. Мұнан өзге 100 бас жылқысы 1000 бас қой –ешкісі бар. Байланған малдың  етін лайықты бағамен өткізуде. Шаруашылықта 8 адам еңбекпен қамтылған.

Нұрлан Жорабеков - «Асыл» шаруа қожалығының төрағасы

Мұның етін мына Түркістан районына өткіземіз.Сол жерден 1250-ден өткіземіз етін. Жақсы нормальный, құдайға шүкір бұйырғаны болып жатыр. 04,55 Жем шөпті мына Ордабасы наннан кебек аламыз. Мына Түркістаннан аламыз.Жүгеріні өзіміз егеміз. Сосын мақта зауыттан мақтаның  қауашағын аламыз, шротын бәрін осы жерден аламыз.

Төрткүлде мұнан өзге 16 мал бордақылау алаңы бар. Таяу арада олардың саны 25-ке жетеді. Сөйтіп, Үкіметтің бағдарламасы арқылы шаруашылықтың тіршілігі түзеліп келеді. Біріккен жерде ырыс молаяды деген осы екен. Біз бұған Төрткүлге барғанда көз жеткіздік.