Сызба бойынша, Шымкенттің орталық бөліктеріндегі жауын суы Қошқар ата мен Қарасу өзендеріне, қорғасын зауыты мен "Самал" шағынауданында жиналған су - Бадам өзеніне жіберіледі. Ал "Нұрсәт" пен "Әкімшілік-іскерлік орталығынан" келген су дендросаябақ маңындағы арықпен "Самал" шатқалына бұрылмақ.
Айта кетейік, ирригациялық жүйені жөндеуде тек ғылыми жоба ғана емес, қомақты қаржы да қажет. Бұл тұста жергілікті биліктің ұсынысы депутаттар тарапынан қолдау тауып отыр.