Биыл шымкенттік шәкірттер оқулықтан тарықпайды. Бұл үшін қаламыздағы білім ұяларына 1 миллион 4849 кітап жеткізілмек. Бір емес, ондаған баспаханадан жарық көрген кітаптар қазір арнайы жүк көліктеріне тиеліп, мектептерге үлестірілуге кіріскен. Бұл туралы otyrar.kz сайты хабарлайды.
Жанат Тәжиева, Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы: “Тамыз айының 25-жұлдызына дейін, оқулықтар бізге толығымен жеткізіледі. 2-5-7-сыныптардың оқушылары 100 пайызға кітаппен қамтылады. 1 және 8-сыныптың оқушылары да кітапты мектептен тегін алуға мүмкіндіктері бар. Ал 3-4-5-6 және 11-сыныпқа дейінгі өзге де оқушылар – әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары және көмекке мұқтаж шәкірттерге оқулықтар түгел беріледі. Ал қалған оқушылар сауда нүктелерінен сатып алатын болады”.
Айта өтейік, биыл үлестірілуі тиіс милллионнан астып жығылатын кітаптар үшін қазынадан қомақты қаржы қаралған. Яғни, мектеп оқушыларының оқулықтарына 1 млрд.300 миллион теңге бөлініп отыр.