Жаңа ғимаратта зорлық-зомбылыққа ұшыраған, зәбір шеккен отбасы мүшелеріне және жекелеген азаматтарға әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар білім беру, заңгерлік кеңес алу, өзін-өзі еңбекпен, уақытша баспанамен қамту секілді қызмет түрлері де қарастырылған.
Айта кетейік, шараның ашылу рәсіміне Оңтүстік Қазақстан облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр, ҚР Бас Прокурорының арнайы істер жөніндегі аға көмекшісі Салтанат Тұрсынбекова қатысты.