19.08.2017 в 19:07

Шымкенттегі «Тассай» индустриалды аймағы әмбебаптығымен ерекшеленеді

Шымкентте тағы бір индустриалды аймақтың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. «Тассай» деп аталатын өндіріс ошағы негізінен құрылыс кластері мен трансформатор, жиһаз және медициналық құрал-жабдықтар шығаруға бағытталған. Мұнда қазірдің өзінде екі өндіріс орны ашылып, жұмыс басталды. Тағы 25 кәсіпорын салынып жатыр. Оңтүстіктің инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында өңірде дәл осындай 11 индустриалды аймақ құрылған. Онда кәсіпкерлерге қажетті инфрақұрылым мемлекет есебінен жүргізілген. Бұл «Нұрлы жол»бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған өңірдегі ірі жобалардың бірі болмақ.

«Тассай» индустриалды аймағының 22 гектарын алып жатқан зауыт жоғары кернеулі трансформатор шығарады. Бұл қазақ тарихындағы алғашқы әрі ең ірі кәсіпорын болмақ. Жалпы құны 17 миллиард теңгеден асатын кешен жылына 120 трансформатор шығаруға қауқарлы. Отандық өнім ішкі нарық пен ТМД елдерінің сұранысын қанағаттандырады, деп күтілуде. «Заманауи құрылғымен жабдықталатын өндіріс орнында жасалатын өнім бәсекелестікке төтеп бере алады»,- дейді мамандар.

Серғазы Күнтуаров, зауыттың бас директоры: - Енді бұл зауытқа дүниедегі бүкіл жақсы жаңалықты кіргізіп жатырмыз. Еуропа елдерінің ең алдыңғы деген технологиясы қолданылып жатыр. Қазақстанда бірінші 110-120 квт трансформатор шығады.Бұндай өнім бұрын шықпаған. Енді ол сапасы жағынан қолданылатын материал жағынан сапалы трансформатор болады.

Ал мына өндіріс ошағы қазірдің өзінде нарыққа Қазақстанда жасалған деген атаумен жиһаздың бірнеше түрін жөнелтіп жатыр. Ресей мен Қытайдан әкелінген тақтайшалар осында терең өңделеді. Тіпті мұнда 3-Д форматтағы ламинатталған тақтайша да шығарылады. Істі әр түрлі дизайнерлік  жұмыстан бастаған Сергей бүгінде бірнеше адамды жұмыспен қамтып отыр. Ол «кәсібімнің өрлеуіне мемлекеттің көп қолдауы болды»,-дейді,

Сергей Хегай, кәсіпорынның бас директоры: - Бастапқыда жұмысты қолмен бастады.Ол кезде азын-аулақ электр жарығын тұтындық. Өндіріс орынан ашқан кезде бізге жоғары кернеулі қуат көзі керек болды. Қарапайым трансформатордың өзін сатып алып орнатуға қалтамыз көтермейтін.Одан кейін үлкен ғимаратты жылыту бар,Көгілдір отын мен судың өзі үлкен көмек болды.

Алдағы бес жылда оңтүстікте тамақ өнеркәсібі дамиды. Өйткені өндіріске қажетті шикізаттың барлығы жергілікті жерде өндіріледі. Оны терең өңдеу үшін қала, аудандарда ерекшелігіне қарай арнайы 11 индустриялды аймақ құрылды. Кәсіпкерлерге бір терезе қағидасы бойынша қызмет көрсетіліп, инфрақұрылым мемлекет есебінен тартылып жер тегін беріледі. Түркістанда шұбат пен жиһаз, Отырарда жүгері, Шардарада балық, Қазығұртта тамақ өнеркәсібі, Түлкібаста алма кластері жүйеленді. Ал,ақ мақта толық циклда өңделіп жатыр.

Нұркен Бегулиев, Индустриялды аймақтарды басқарушы компания басшысының орынбасары: - Облыстағы осы 11 индустриялды аймаққа қажетті инфрақұрылым тарту үшін 13 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Бір ғана мысал 2010 жылдың бірінші тоқсанында осы аймақтарға салынған кәсіпорындар 6,8 миллиард теңге салық төлеген. Біз қаржының 50 пайызын қайтарып үлгердік. Оған қоса жұмыс берушілердің төлеп отырған айлық-жалақысы бар,көлік және ғимарат салығы осының бәрі кіріс көзі.

Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының алғашқы бес жылында іске қосылған өндіріс орындарында Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы 176 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Жалпы аумағы 959 гектар жерді алып жатқан аймақтарда 170 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 12 мыңнан астам адам жұмысқа тартылады деп күтілуде.

Ақпарат көзі: 24.kz