Шымкент қаласындағы терезе шығаруға арналған алюминий профильдерін әзірлейтін «Gold Aluminum» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өткен жылы 750 тонна болатын алюмин профильдерін шығарды. Оның 20 пайызын Ресей, Украина, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан сынды елдеріне экспорттаған. 2014 жылы индустриаландыру картасы аясында іске қосылған зауытта 70 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Айта кету керек, қазіргі таңда Қазақстан нарығындағы алюминий профильдерінің көлемі 50 мың тоннаны құраса, оның 25 мың тоннасы Қытай мен Ресейден, Өзбекстан мен Түркиядан импортталады.
Бүгінгі таңда индустриаландыру бағдарламасы бойынша жүзеге асқан әр бесінші жоба Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі. Бағдарлама аясында 8 жыл ішінде облыс аумағында жалпы құны 208,3 миллиард теңге болатын 162 жоба іске қосылған.