10.09.2017 в 22:47

«Karlskrona LC AB» зауыты жылына 6 мыңнан аса тауар шығарады

Шымкет қаласында орналасқан «Karlskrona LC AB» серіктестігі - дискілі бұралмалы бекітпелер мен сорғылар өндіретін бірден-бір өндіріс орны. Жылына 6 мыңнан аса тауар шығарады. Отандық сұранысты толықтай қамтуға қауқарлы. Облыс тұрмақ, республикадағы үздік кәсіпорын шетелдің тапсырысын да қанағаттандырып отыр. Бүгінге дейін өнімдерін Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан мемлекеттері пайдаланып келеді.

Мұндағы өнім өндіру технологиясы ТМД елдері бойынша жоқ. Зауытта 3 өндірістік цех бар. Онда 200-ден астам қызметкер жұмыс істейді. Қызметкерлер Германияда тәжірибе жинақтаған. Әр тоқсан сайын қосымша біліктілік арттыру курстарына жіберіледі.

Дискілі бұралмалы бекітпелер су құбыры жұмыстарына көптеп пайдаланылады. Ал, «Зулзер» консольді сорғыларына сұраныс тіптен жоғары.

Сапалы сорғының қазір жылына 7500-і, ал, бұрылмалы бекітпенің 6000 данасы өндіріледі. Бәріне бес жылдық кепілдік бар. Жарамдылық мерзімі 20-30 жылдан асады. Отандық өнім осы себептен де жан-жақты сұранысқа ие.

 «Karlskrona LC AB» неміс зауытынан шыққан өнімдердің 90 пайызы ішкі нарықта саудаланады. Атап айтқанда, тауарлардың басым бөлігі «ҚазАтомПром» АҚ-на тасымалданса, су сорғылары Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Маңғыстау, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарындағы су арналарына жеткізіледі. Ал Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстанға шығарылған өнімнің 10 пайызы экспортталады.