16.09.2017 в 21:47

Шымкентте халықаралық деңгейдегi теннис кортының құрылысы басталды

Шымкентте халықаралық деңгейдегi теннис корты пайда болады. Ол 100 орынды трибунасы бар 2 теннис корты, 20 орынды жатақхана мен 50 адамдық асханасы болатын бiрыңғай спорт кешенiнiң құрамына кiретiн болады. Қазiр құрылыс-монтаж жұмыстары атқарылуда. Құрылыс жұмыстары 2017 жылдың соңында аяқталады деп күтiлуде. Бүгiн құрылыс жұмыстары барысымен Шымкент қаласының әкiмi Ғабидулла Әбдiрахымов танысты. Жаңа нысан Абай саябағында салынуда. Жұмыс бiткен соң жаңа теннис кортында халықаралық деңгейдегi жарыстар өткiзуге болады. Құрылысты «А.Р.Т.-Құрылыс» компаниясы атқаруда.

Сонымен қатар әкім  қалалық зообақты қайта құру жұмыстарының екiншi кезеңiн бақылап қайтты. Бұл жұмыстар аяқталған соң зообақта жаңа 9 вольер пайда болады: тауыс, келестер мен тасбақа, гепард пен сурикат, жапон маймылы мен жыртқыш құстарға арналған.

Террариум да қайта жөнделедi, бақылау пунктi пайда болады. Қазiр зообақ аумағында құрылыс-монтаж жұмыстары жүруде. Биыл гепард вольерi, ал 2018 жылы қалғандары пайдалануға берiлмек. Бұған қоса Азия құрлығы мен арыстан, жолбарыс, аю мен жыртқыш құстарға арналған бiрнеше вольер мен аквариум құрылысының ЖСҚ жасалуда.