20.09.2017 в 22:23

«Таза қала» акциясының биылғы жүлде қоры 4 млн теңге

Шымкент қаласы әкімдігі мен «Оңтүстік Қазақстан облысының Азаматтық Альянсы» қауымдастығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Таза қала» байқауының комиссия мүшелері Абай, Әл-Фараби және Қаратау аудандарының аулаларымен танысты.

– Біз бұл байқауға биыл бірінші рет қатысып жатырмыз. Ауладағы абаттандыру, әрлеу, сырлау, суару жұмыстарының барлығын осы жердегі зейнеткерлер, жастар жалпы аула тұрғындары өздері істейді. Белсенділігі жоғары. Алдағы уақытта бұдан да жақсы көріктендіріп отырмақпыз. Сондай-ақ, Абай ауданының әкімдігіне балалар алаңшасын салып бергеніне, тазалық жұмыстарына көмектесіп жатқанына алғысымызды айтамыз, – дейді қала тұрғыны Боранкүл Жанысалиева.

«Таза қала» акциясының биылғы жүлде қоры 4 млн теңге.

Сонымен қатар, «Таза қала» байқауы шеңберінде Қаратау ауданының жұмыс тобы да бірнеше көше, аулаларды аралап көрді. Биыл аталған ауданда байқауға қатысуға 45 көше, 40 аула өтініш білдірген (Былтыр 43 көше, 27 аула қатысқан). Ал Әл-Фараби ауданы бойынша ағымдағы жылы «Үздік аула» 69, «Үздік көше» аталымы бойынша 25 үміткер қатысты (Былтыр 87 өтініш келіп түскен).

DSC 9910

Байқаудың марапаттау шарасы «Қала күні» мерекесі аясында, 27 қыркүйек күні сағат 15:00-де «Оқушылар сарайында» өтеді.

Ақпарат көзі:shymkala.kz сайты.