Шымкентте қалалық су жүйесін қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Жөндеу жұмыстары бірнеше айға созылды. Жұмысшылар арықтар мен атыздарды тазалап, су жүйесінің осал тұстарын қайта қалпына келтірді. Қалалық су жүйесі 90-жылдардың басында-ақ жарамсыз хәлге келген. Бұған қосымша тағы бір жағдай, кәсіпкерлікпен айналысатын қала тұрғындары су жүйесі жүргізілген тұстарға дүкендер мен автотұрақтар салып алған.
"Бұрынғы жүйелер баяғы заманда салынған, ескірген. Жыл сайын қаламызда көктемгі су тасқыны мен күзгі жауын кезінде бізде қиын жағдай болатын. Қазір бұл мәселе шешіліп жатыр. Көп жағдай ауа райына да байланысты",- деді қалалық ТКШ бөлімінің басшысы Нұрлан Бектұрсынов.
Ақпарат көзі: 24.kz