Осы аптада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев екі бірдей халықаралық маңызы бар құжатқа қол қойды.
Сейсенбі күні «Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын рәсімдеді. Бұл заңды Мәжіліс мақұлдағанда, Сенат қабылдағанда қоғамның "қызуы" көтерілген еді. Әлеуметтік желілерде депутаттарды келеке етіп, "халық өз заманының батырларын көру керек, заң қаралатын күні тікелей эфирден көрсетілсе" дегендей ұсыныстар да айтылған болатын. Мемлекет басшысы бекіткен кезде соншалықты шу бола қойған жоқ. Неге?
Себебі сәрсенбі күні Президент «Түркі Академиясын құру туралы Келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл ақпаратты қоғам жақсы қабылдады. Түркілік идеяның күшейіп келе жатқанын осыдан-ақ аңғаруға болады. Тіпті қанша уақыт Еуразиялық экономикалық одақ жайында пікірталастырып, дауласқан азаматтардың көңілі Түркі Академиясы туралы мәліметке қарай бұрылды.
Қандай халықаралық маңызды құжат болмасын, Қазақстанның игілігі үшін қызмет еткені керек.