Шымкенттің бұрынғы басшысы Ғабидолла Әбдрахымов бүгін қала әкімдігінде соңғы жиын өткізіп, әріптес қызметтестерімен қоштасты. «Қатты кеткен кездерім болса, кешірім сұраймын», - деді ол. «Мемлекеттік қызметтегі ең жақсы жылдарым Шымкентте өтті. Орынбасарларыма, бөлім басшыларына, аудан әкімдеріне, жергілікті полиция қызметінің басшыларына алғыс айтамын. Жұмыста бәрі болады, егер сіздерді ренжіткен болсам, кешірім сұраймын. Мен шын жүрегіммен сіздерді құрметтеймін», - деді Ғабидолла Әбдрахымов.
Естеріңізге салайық, Ғабидолла Әбдрахымов 2015 жылдың тамызынан бастап Шымкенттің әкімі болды. Ал, күні кеше ол "Нұр Отан" партиясының хатшысы лауазымына тағайындалған еді.