01.11.2017 в 21:50

Жедел қызмет қолжетімді бола түспек

Шымкенттік дәрігерлер «Облыстық клиникалық ауруханасында» ангиографиялық жүйе арқылы ота жасай бастады.

«Philips Allura Xper FD20/15» деп аталатын жартылай робот құрылғысы арқылы тромбоэкстракция, ангиопластика стенттеу, эмболизация оталары және коронарография, ұйқы артериялары және перифериялық қан тамырлар зерттеулері жасалады. 

Сондай-ақ, аталған құрылғының көмегімен науқастарға сәулелік жүктемені орта есеппен 75%-ға төмендетуге, шолу аумағын үлкейтуге, суреттің және визуализациялаудың сапасын жоғарылатуға болады.