10.11.2017 в 18:52

Париж суретшілері - Шымкентте

Франция граффистері Шымкентте ғимарат қабырғаларына сурет салуды бастады. Үш суретші бостандық белгісі – қызды, қала логотипі  саналатын – қызғалдақты және ұшақ суретін  Темірлан тас жолы бойындағы түзеу мекемесінің  қабырғаларына салып жатыр. Қылқалам шеберлері жұмыстарын 5 күн ішінде бітіреміз деп жоспарлауда.

Айта кетейік, бұл шара Қазақстан мен Франция елдерінің арасындағы достық қарым-қатынас және Шарль де Гольдің Қазақстанға келгеніне 50 жыл толуына орай ұйымдастырылған.