24.11.2017 в 00:04

Шымкентте 479 бейнебақылау камералары орнатылды

Мәселен, қала көшелерін жарықпен қамту ісі жетілдіріліп, ескі үлгідегі шамдардың орнына үнемді жаңа шамдар орнатылды. Қоғамдық орындарды жіті қадағалау мақсатында қала аумағында 479 бейнебақылау камералары орнатылды. Оның ішінде 21 көше қиылыстарында зияткерлік камералар жұмыс жасауда. Осының нәтижесінде, осы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша жалпы қылмыстар 19,2 % азайған.   

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін  «Шымкент - қауіпсіз қала» жобасы іске асырылып, жоба шеңберінде шаһарда қылмыстың ахуалы нашар 22 криминогендік аймақтар анықталып, негізгі жұмыстар осы аумақтарда жүргізілуде.