24.11.2017 в 22:54

Шымкентте гүлзарлар жаңартылып жатыр

Шымкентте гүлзарлар жаңартылып жатыр

Шымкентте қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың есімімен аталатын гүлзар мен Кеңес одағының батыры Әлия Молдағұлованың ескерткіші тұрған аллея қайта жаңартылуда.

Қазіргі таңда А. Асқаров ескерткіші маңында жасыл желекті суару үшін арнайы ұңғыма қазылуда. Сондай-ақ, ондағы тозығы жеткен орындықтар ауыстырылмақ. Ал Ә. Молдағұлова көшесі бойындағы батырдың ескерткіші тұрған аллеяда қайта құру жұмыстары таяу күндері аяқталады. Дәл қазір тозығы жеткен ескерткіш қымбат тастармен әрленуде.