24.11.2017 в 23:13

Шымкенттік кинологтар шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасып жатыр

Нақты айтқанда Мемлекеттік кірістер комитетіне қарасты Кинология қызметінің мамандарына АҚШ елшілігі есірткіге қарсы күрес бағдарламасының директоры Кристофер Кент дәріс оқуда. Тәжірибе алмасу бығытындағы  оқу курсы бір айға жалғасады. Онда  отандық мамандар мен иісшіл иттерге есірткі заттарын іздеу мен  тез табудың қыр-сыры үйретіледі. Қазір кинологиялық орталықта 25 қызметтік-иісшіл ит бар. Айта кетейік, биыл облыс бойынша кедендік шекарада офицер-кинологтар арнайы үйретілген иттердің көмегімен  есірткі контрабандасының 46 дерегін анықтаған.

Кристофер Кент, Әскери ынтымақтастық бөлімінің есірткіге қарсы күрес бағдарламасының директоры /АҚШ/:  - Оқу курсы 4 аптаға жалғасады. Кинология тәлімбағында және кедендік шекара бекетіне барып іс-тәжірибемізді көрсетеміз. Негізгі бағытымыз – есірткілердің түрлерін тез табуға дағдылау. Сонымен қатар шекарадан адамдардың заңсыз алып өтпек болған түрлі валюталарды анықтауды мамандар мен иттерге үйретеміз.