16.11.2017 в 17:44

Шымкентте бокстан ел чемпиондары анықталды

Шымкент төрінде шаршы алаңға шыққан боксшылар аптаға жуық уақыт өзара мықтыны анықтаған еді. Жарыста күтпеген нәтижелер болды. Кәсіпқой бокста бақ сынап үлгерген боксшылардың жеңілгенін де көрді көпшілік. Сонымен қатар төрешілер шешімі қайта қаралған сәттер кездесті. Сонымен жеңіл салмақтарда Теміртас Жүсіпов, Олжас Байниязов және Ілияс Сүлейменовтар топ жарды. 60 келіде Берік Әбдірахманов, 64-те Бекдәулет Ибрагимов, ал 69-да Асланбек Шымбергеновтар чемпион атанды. Бұған қоса 81 келіге дейінгілер арасында Әділбек Ниязымбетов үздік екенін кезекті рет дәлелдеді. Ал 91 келіде Антон Пинчук жеңіске жетсе, аса ауыр салмақта жамбылдық Нұрсұлтан Аманжоловтан басым түсер ешкім болмады. Осылайша жалпыкомандалық есепте Оңүстік Қазақстан облысы топ жарды. Алдыңғы үштікті Маңыстау мен Жамбыл құрамалары түйіндеп тұр. Айта кетейік, жарыс қорытындысы бойынша алдағы жылы халықаралық, құрлықтық және әлемдік додаларда ел намысын қорғайтын ұлттық құрама жасақталады.