Келер жылы Жамбыл облысындағы Жаңатас қаласынан Шымкент бағытына қарай төте жол салынады. Жобаны мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде әулиеаталық компаниялардың бірі іске асырмақ. Жолдың жалпы ұзындығы 6,5 шақырымды құрайды. Соның арқасында Жаңатас пен Шымкент қалалары арасындағы қатынас жеңілдей түспек.
Бақытжан Жәнібеков, облыстық Құрылыс, жолаушылар көлігі және аж басқармасы басшысының орынбасары: - Жалпы құны – 825 млн теңге. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестікке сәйкес, аталған қаржы 3 жылда қайтарылатын болады. Барлық процесс ойдағыдай болса, келер жылы толық жүзеге асыру жоспарланып отыр.