Шымкентте биогаз жағып, одан сағатына 500 киловатт электр энергиясын өндіретін қондырғы іске қосылды. Биогаз қаланың шайынды суының сүзілген шөгіндісінен алынады. Бұл қондырғы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне Оңтүстік Қазақстан облысынан жоба ретінде ұсынылып, көрсетілген болатын. Қондырғылар кешені
Анарбек Орман, жоба жетекшісі: - Әлі де болса атқарылатын жұмыс көп. Екінші кезеңі бар. Сағатына 200-300 киловатт қосымша электр энергиясын аламыз ба деген жоспар бар.