Шымкенттің ел көп келетін орындарының бірі зообақ екі маймылмен толықты. Маймылдың макака түрін жергілікті азаматтардан сатып алыпты. Олардың аттары да бар. Есімін айтып шақырса, бұрылып қарайды. Алғашқы кезде 4 жасар Василиса мен 7 жастағы Патрик жаңа орнына үйрене алмай, біраз уақыт қырсық мінезін көрсеткен екен. Қазір осындағы үш маймылмен барлығы бір қысқы вольерде тұрады. Екі маймыл да әбден қолға үйренген, адамдарға үйірсек. Оларға өздері жақсы көріп жейтін жемістерін беріп жатыр. Зообақ жақында тағы да жапон макакасын сатып алған. Барлығына арнап үлкен үй салып бермекші.
Зульфия Ганиева, Шымкент зоологиялық бағы директорының орынбасары: - Біз берген тамақтың барлығын жейді. Көбіне өзімізде өсетін алма, алмұрт береміз. Тәтті кәмпит пен печеньені де ұнатады. Әрине, сонымен қатар банан, ананас беріп тұрамыз. Өздерін еркін сезінуі үшін серуендетеміз.