Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік институтына – 80 жыл. Ұстаздар ұстаханасы Оңтүстікте алғаш ашылған мұғалімдер институты. Жуырда ғана университет статусын алған жоғары білім беретін оқу ордасы 80 жылдық мерейтойын республикалық деңгейде атап өтуде.
Жаңадан ашылған мұражайға оқытушылар мен студенттер ағаштан жасалған астау, музыкалық аспаптар, кебеже, кілем секілді өзге де 100-ге тарта көне заттар жинақтап үлгерген. Оңалбай Аяшев алдағы жылы мұражайға ауқымды орын бөлініп, онда экспонаттар саны артататын айтты.
Бұдан кейін, ашық спорт алаңының ашылу салтанаты өтті. Бұған дейін, дене шынықтыру сабағын студенттер бас корпуста өткізіп келген. – Енді студенттер тыңғылықты спортпен айналысып, салауатты салтын ұстануына мүмкіндігі бар. Бұл жастар үшін үлкен сый болды,– деді кәсіптік шығармашылық факультетінің өкілі Шегенбай Бейсенбайұлы.
Ал «Көркем әдебиет» орталығы өңірдегі зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен ашылды. Орталыққа институттың даму тарихында еңбегі сіңген Әзімхан Оспанұлы мен Керімбек Сыздықовтың кітаптары қойылыпты.
Бұдан бөлек, «Сәндік өнер» орталығы, «Нұр Шаңырақ» студенттер театрының тұсауы кесілді. Сонымен қатар, білім шаңырағы ғимаратының айналасына өңірдің зиялы қауымдары, ақын-жазушылар мен оқытушылар 80 ағаш отырғызды.
Мерейтой барысында халықаралық ғылыми-теориялық конференция, 24 қарашада сағат 15:00-де институттың мәжіліс залында «Өркендеген Оңтүстік» атты республикалық ақындар айтысы өтеді.