29.11.2017 в 01:23

Шымкентте каратэден облыстық чемпионат болып өтті

Қажымұхан атындағы орталық стадионда киокушинкай-кан каратэден облыстық чемпионат болып өтті. Байрақты бәсекеге Қызылорда, Жамбыл облыстарымен қатар, Астана қаласынан, жалпы саны 150-ге жуық спортшы қатысып, бақ сынады.

Киокушинкай-кан каратэ спорт түрі облысымызда соңғы жылдары қарқынды түрде дамып келеді. Шымкенттің өзінде бұл спортпен 250-ге жуық жас айналысады. Облыс сайыпқырандарының еншісінде ел кубогі, ТМД елдері арасында өтетін байрақты бәсекенің күміс жүлдесі бар.

Орталық стадионда болып өткен  облыс чемпионатында жалпы саны 130 спортшы  өзара үздіктерді анықтады. 21 салмақ дәрежесі бойынша 5 пен 14 жас аралығындағы жас балғындар облыс кубогін сарапқа салды. Солардың қатарында ағайынды Берік, Нұрдәулет Көмекбайлар да бар. Олар 3 жылдан бері каратэнің осы түрімен айналысады. Армандары - чемпион атанып, көк байрағымызды әлемдік ареналарда биікке көтеру.

Жарыстың ашылу салтанатында облысымыздағы киокушинкай кан каратэ федерациясының атынан балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сый-сияпат жасалды. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған жас балғындардың көңілдері бір марқайды. Ал, ұйымдастырушылар атынан жарыс жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар мен  арнайы кубоктар табыс етілді.