29.11.2017 в 14:46

Шымкент зообағы төрт түрлі жануармен толығады

Келер жылдан бастап, Шымкент зообағына кіру құны қымбаттауы мүмкін. Сәйкесінше, ондағы қызмет сапасы да жақсарып, көрер қызық көбейеді. Кешенді жоспар іске асса, хайуанаттар бағы қала тұрғындары мен қонақтарының ең сүйікті мекеніне айналуы тиіс.

1980 жылы 75 түрлі жан-жануармен ашылған Шымкент зообағында қазір 241 түрлі 2 жарым мыңнан астам хайуанат бар. Алдағы 4 жылда аң-құстардың түрін 750-ге жеткізу жоспарланған. Егер осы мақсат орындалатын болса, зообақ еліміздегі ең ірі хайуанаттар бағына айналады.

Нұрғазы Бұхарбаев – «Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы» МКҚК-ның директоры

Біз сондай вольерлер соғанйын деп жатырмыз аквариумдер. Ол жерде 200-ге тарта балықтың түрі бар. үлкен аквариум болады. Вольер для птиц ол жерде 50-ге тарта құстар ұшып жүретіндей. Сол сияқты майда-шүйде нәрсе бірақ қызық. Бір әдемі жан-жануарларды алып келсек деген ойымыз бар.

Бүгінде зообақтағы аңдар мен құстарды көбейтіп, келушілерге ашық-жарқын көрсету мақсатында 8 вольер салынып жатыр. Келер жылы 15-і ашылады.

Нұрғазы Бұхарбаев – «Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы» МКҚК-ның директоры

Бұл жерде қаржыландыру болмаса әрине мынау реформаны істеу қиын. Сол сиқты өсу динамикасы да солай. Біз біраз жан-жануарларды шетелден алып келдік. Қазіргі күнде Африканский компаниялармен сөйлесіп жатырмыз.

Зоологиялық бақ қызметкерлерінің айтуынша, соңғы уақытта мұндағы жануарлардың өлу көрсеткіші 36 пайызға төмендеген. 30 түрлі жануардың 57-сі қартайған.  Сол себепті, жыл соңына дейін бұл мекенге 4 түрлі ерекше жануар әкелінеді. Ендігі меже, іске тың серпін беріп, жаңа жан-жануарлармен бала бақытын еселеу болып отыр.