30.11.2017 в 01:40

Қалалық білім бөлімі «Қамқоршылар» күнін атап өтті

«БАЛАҒА МЕЙІРІМ СЫЙЛА» «Жетім көрсең жебей жүр» деп, дана бабаларымыз жетім-жесірін жылатпаған. Бұл қағиданы ұстана отырып,Шымкент қалалық білім бөлімі дәстүрлі түрде «Қамқоршылар» күнін атап өтті. «Балаға мейірім сыйла» атты іс-шара жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық көмек беріп, оларды тәрбиелеп отырған абзал жандарға, яғни қамқоршыларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Айта кетейік, бүгінгі таңда Шымкент қаласында 800-ге жуық жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала болса, оның 30-ы патронаттық тәрбиеде. Осы орайда, «Жақсылық жасауға асығайық» деген ниетпен демеушілер балаларға жылы киімдер мен сыйлықтар табыс етіп, жомарттық танытты. Сондай-ақ, бозбалалардың құрметіне мерекелік дастархан жайылып, концерттік бағдарлама ұсынылды.