Оңтүстік Қазақстан облысындағы индустриалды аймақтарда 2018 жылы жалпы сомасы 38,6 млрд теңгені құрайтын 11 жоба іске асырылмақ. Нәтижесінде 1 487 жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Индустриалды аймақтың аумағында орналасқан кәсіпорындардың жер учаскелерін тиімді пайдалануды анықтау мақсатында тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Облыстағы кәсіпорындардың белсенді салаларын анықтау үшін «Оңтүстік» индустриалды аймақтардың басқарушы компаниясы» Оңтүстік Қазақстан облысының әрбір ауданына экономикалық негіздеме әзірленді. Сонымен қатар, облыстың аудандарында және қалаларында индустриалды аймақтарды толтыру мақсатында танысу мен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.