Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық жағынан жақсы дамып келе жатқан аудандарының бірі - Шу ауданы.
Аудан орталығында орналасқан "Тарлан" спорт кешені - заман талаптарына сай бой көтерген нысандардың бірі.
Спорт кешені Қазақстан бокс федерациясының қаржылық көмегімен салынған.
Кешен 2 блоктан тұрады. Біріншісінде, күрес, бокс, ауыр атлетика және тренажер залдары орналасса, екіншісінде жатақхана бар.
Сондай-ақ, кешенде әдістемелік кабинеттер, бассейін, демалыс б?лмесі бар.
Ал кешенге жапсарлас аумақта шағын футбол алаңы орналасқан.
Спорт кешенінде жеткіншектерге тәжірибелі бапкерлер тәлім беруде.