11.12.2014 в 15:11

Жастар азаматтық қоғам мәселесі туралы қоғамдық дәріс тыңдады

Биылғы жылдың 13 қараша күні Астана қалалық әкімдігі Ішкі саясат басқармасы мен "Диалог-Астана" қоғамдық ұйымының ұйымдастыруымен "Жастар және азаматтық қоғам" тақырыбында қоғамдық дәріс өтті. 

Жергілікті колледж студенттері алдында "Қазақстан 2050" Жалпыұлттық қозғалысының медиа-директоры, белгілі журналист Қанат Әуесбай мен Жарқын Түсіпбекұлы дәріс оқыды.

Қоғамдық тамақтану саласы бойынша білім алып жатқан жастарға Азаматтық қоғамның мәні, ондағы жастардың ролі туралы айтылды. Оқу орны басшылығы мен педагогтар құрамы да жиында ат салысып, қызу пікірталас болды.