14.02.2020 в 17:53

ШЫМКЕНТТЕ «ВОЛОНТЕРЛАР МЕКТЕБІ» АШЫЛАДЫ

2020 - «Волонтерлар жылына» орай Шымкентте ауқымды іс-шаралар жоспарланған. Бүгін есепті жиналысында қала әкімі Мұрат Әйтенов Волонтерлар жылын ұйымдастыру үшін «Волонтерлар мектебі» ашылатынын атап өтті.

Ол жерде «Біргеміз» жалпы ұлттық жобасы; балалар үйі тәрбиеленушілеріне «Тәлімгер» жобасы; «Шымкент-қайырымды қала» жобасы ұйымдастырылатынын тілге тиек етті.