12.03.2020 в 18:26

ШЫМКЕНТТЕ ҚЫЗМЕТТЕРДІ ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ АЛУ ҮЛЕСІН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕСІ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Шымкент қаласының кезекті Қоғамдық кеңесіне көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша бірнеше мәселелер қаралды.

Атап айтқанда, электронды түрде қызмет алуқолжетімділігіне ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша депаратаментімен жүргізілгенталдау нәтижелері талқыға салынды.

Талдау нәтижесінде, Электронды түрде қызмет көрсетуге мүмкіндігі болса да мемлекеттік қызметтерді тікелей мемлекеттік орган арқылы көрсетілген үлесі 8,7 % құрап, оның ішінде медицина саласында кейбір қызметтер электронды түрде қызмет алу қолжетімсізділігі анықталған.

Яғни, Кеңесте осы мәселені шешу үшін ақпараттық жүйелердің өзара интеграциялау мәселесін қарастырып, әкімдіктің электронды түрде қызмет алу үлесін арттыру бойынша кешенді жоспар әзірлеп, тиісті жұмыс жүргізу керектігі айтылды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде қаламыз цифрландыруды енгізуде мүмкіндіктері жоғары өңір екенін тағы да дәлелдейтініне сенеміз.