02.06.2020 в 22:51

ШЫМКЕНТ: 35 ОТБАСЫҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 35 отбасыға азық-түлік таратылды. Жомарт жүректі азаматтардың демеушілігімен көрсетілген қайырымдылыққа ие болған жанұялар алғыстарын білдірді.

Айта кетейік, Қаратау ауданы әкімдігі аз қамтылған отбасылар тізімін жасақтап, оларға әлеуметтік жағынан жиі қолдау көрсетіп келеді.

Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы