12.06.2020 в 20:03

Отбасы ынтымағын арттырды

Шымкент Қаласының Білім Басқармасына қарасты №124 жалпы білім беретін орта мектебінің 7 сынып оқушысы карантин кезіндегі “Көңілді отбасы” бейне-ролигін жасап шықты. Оқушылардың жаппай үйде отырып, бос уақытын тиімді пайдалану үшін мұндай роликтердің пайдасы көп әрине. Оқушылар аталған челленджді іліп әкетті. Олар әрқайсысы үйлерінде отбасымен қалай көңілді уақыт өткізіп жатқандарын бір бірінен жолдауда. Оқушылардың бірі анасына көмектесіп, бірі бауырларына қарап, енді бірі әкелеріне қолғабыс жасап көмектесіп жүр. Әрқайысысыныкі өзінше әдемі шыққан. Бұл әрине отбасы ынтымағын арттырып, баланың ата анаға, айналасына деген құрметін арттырары сөзсіз. Отбасы құндылығын насихаттайтын таптырмас құрал деуге де болады.