Антикор қызметкерлері Экология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РМК бас директорына, оның бірқатар бағыныстыларына, сондай-ақ комитеттің бухгалтерлік есеп және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысына қатысты алдау және сенімге қиянат жасау, пара беру және алу арқылы өзге мүлікті ұрлады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізеді.
Қазір лауазымды тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 2006 жылы Үкімет қаулысымен Өгем, Төле би, Түлкібас ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемелерін қосу жолымен құрылды.
Парктің негізгі мақсаты - әдеттегі және бірегей Батыс Тянь-Шаньның ландшафтарын табиғи түрде сақтау, табиғи кешендер мен мемлекеттік табиғи-қорықтық қор объектілерін, табиғи қорғалатын, экологиялық ағартушылық, ғылыми, туристік мақсатта бар ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және демалыс құндылықтарды сақтау. Парк аумағының жалпы ауданы - 149053 га, қорғалатын аймақ ауданы 27000 га.
Парк ауданы 3 ауданды қамтиды: Түркістан облысы – Түлкібас, Төлеби және Қазығұрт аудандары.