28.05.2021 в 22:28

«ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫ»

Бұл жобаға шымкенттегі 143 мектептен өтінім  келіп түскен. Енді оқушылар әр сенбі сайын өз ара мықтыларды анықтайтын болады. Спорттық сайыс мегаполис балалары арасында ынтымақты ұйыстыруғада зор мүмкіндік. Бәрінен бұрын спорттық сайыста балғындар табандылыққа, мақсат қоюға машығады –дейді қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұхан.

Шыңғыс Мұхан – Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары

Бұл жарыста оқушылар өздерінің шеберліктерін арттырып ғана қоймайды ең бірінші табандылыққа үйретеді. Ал ондай адам алғыр болады. 

«Шымкент жастар лигасы»  жобасында балалар спорттың 4 түрінен жарысады.  Футбол, войлебол, баскетбол, шахматтан бақ сынасады. Футбол мен баскетбол ұлдар арасында өтеді. Ал қыздар волейболда топтың мықтылығын дәлелдейді. Бұл ойындарға   8 9 10 11 сынып оқушылары қатысады. Ал шахматқа қыздар мен ұл балалар аралас және жас ерекшелігіне шектеу жоқ.

Ерлан Айтбаев – Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысы

Бұл Шымкент жастар лигасының бір ерекшелігі оқу жылының басында басталып аяғында түйінделеді. Қазір №1 мектеп пен №60 мектеп арасында жүріп жатыр.

Айтқандай жастар арасындағы лига еліміз бойынша шымкентте ғана өтеді. Шымкенттік сай түріне өзге өңірлер қызығушылық танытып жатыр екен. Алдағы уақытта осындай жарыс республика деңгейінде ұйымдастырылуы мүмкін.