11.11.2021 в 22:57

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ТІРЛІК КӨП

Осы жылы ауданға қарасты «Қарабастау» тұрғын алабының жаңақұрылысында 750 абонентке арналған электр желісінің құрылысы аяқталды. Ал «Жалын» тұрғын алабында 566, «Жұлдыз» тұрғын алабының жаңақұрылысында 484 абонентке сапалы электр желісімен қамту жұмыстары жүргізілуде. Ал табиғи газ жүйесімен қамту көрсеткіші жыл қорытындысымен 86,4 пайызды құрайды. Қазіргі таңда 45 көшені асфальттау жұмыстары аяқталса, 12 көшеде жұмыстар жүргізілуде.

Досбол Есілбек – Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі

Биылғы мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасына сәйкес, аудандағы 8 көшеге  жарық бағаналары орнатылып, желі тартылды. Айта кетейік, келесі жылы абаттандыру жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасының аясында жүргізіледі.