06.12.2021 в 23:25

ШЫМКЕНТТЕ 125 ОТБАСЫНА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Перизат Балабекова Бәйдібек ауданының тұрғыны. Көп балалы жалғызбасты ана дүкенді аралап жүріп, балаларының жылы киімдері мен  қажеттіліктерін түгендеді. Балалар да мәз-мейрам.

Перизат Балабекова, көп балалы ана

Азия Мұсылмандары комитетінің өкілдігінің бұл ізгілігі ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды.  Қайырымдылық акциясы аясында жалғызбасты, көпбалалы аналарға, тұрмысы төмен отбасыларына қолғабыс жасалды. Елімізде 28 жылдан бері жұмыс істейтін қор өкілдері бұдан бөлек  де талай игі жобалардың басы-қасында жүр. Мешіт, емхана құрылыстарын жүргізіп, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға атсалысып келеді. «Біз бауырлас  елміз, ниет, пейіліміз де ортақ. Кез-келген адам – мемлекеттің басты құндылығы.  Сондықтан да көмекке мұқтаж жандарға жан-жақты қолдау білдіру арқылы елдің өсіп өркендеуіне үлес қосамыз» дейді ұйымдастырушылар.

АЛЬВАН ЯСЕР МОХАМЕД АЛИ, Азия Мұсылмандары комитетінің ҚР төрағасы: «Бұл біздің қысқы жобамыз. Жыл сайын осы уақытта қор өкілдері тұрмысы төмен, мұқтаж отбасыларына киім-кешектер таратып, қайырымдылық жасауды игі бір дәстүрге айналдырған.  Барлық қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтаймын. Елге тыныштық, бейбіт заман тілеймін!»

Еркін Полатов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 'Зекет және қайырымдылық қорының" Түркістан облысы бойынша жетекшісі

Осылайша киім-кешекке қарқ болған мұқтаж жандар мереке қарсаңында  ерекше жылу сезінді. Айта кетейік, «Барлығы Отбасы үшін» дүкенінде ерлер, әйелдер, балалар киім-кешектерінің таңдауы кең. Бағалары да қолжетімді.