«Ерікті болу – ерлікпен тең!» Осындай атаумен өткен мерекелік іс-шарада үздік волоентерлердің мерейі үстем болды. Ковид індеті жайлап, карантин қыспаққа алғанда бұқараның жанынан табылғандардың бірі Диана Бауыржанқызы. Жүрегі мейірімді толы бойжеткен 6 жылдан бері еріктілікпен айналысады.
Диана Бауыржанқызы, ерікті:
Еріктілердің қоғамдағы рөлі әсіресе пандемия тұсында айқандала түсті. Бағзы заманнан кеңпейілділігімен танылған қазақ халқы үшін жалпы, еріктілік жат емес. Замана ағымына сай бұл қызмет бүгінде жаңарып, бірізділенген. «Жастар жылының» қисынды жалғасы, рухани жаңғырудың тамаша жетістігі болды. Ел басына күн туған сын сағаттарда елге демеу болған еріктілердің ісі шынында ерлікпен тең.
Шыңғыс Мұқан, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары:
Айта кетейік, Шымкентте жылдан-жылға еріктілер қатары артып келеді. Бүгінді олар бүтін бір армияға айналды. Қалада 50 мыңнан астам волентер көпшілікке көмек қажет болған тұста жұдырықтай жұмылады.