23.12.2021 в 23:39

ЭПИД ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ

Бүгінгі күні вакиналау бойынша тиісті контингенттің 1-ші компонентпен 99,1% , 2 компонентпен 94,7% вакцинацияланды. Шымкент қаласына "Pfizer-BioNTech" вакцинасының 46 800 дозасы келді. Ағымдағы жылдың 15 қарашасынан бастап 12-18 жасқа дейінгі балалар,жүкті және бала емізетін әйелдерді  вакцинациялау басталды.

Бақытжан Позилов-Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы

Дәріханаларды қоса есептегенде Шымкент қаласында бар дене қызуын төмендететін дәрілер 1 млн. 261 мың науқасқа, вирусқа қарсы препараттар 217 675 науқасқа, антибиотиктер 313 801 науқасқа, антикоагулянттар 13 383 науқасқа, гормоналды препараттар 53 192 науқасты емдеп шығуға жетеді.  Тұрақтандыру қоры арқылы қаржы қаралған.Қаланың медициналық ұйымдарында COVID-19 індетіне қарсы екі айлық дәрілік заттар және медициналық бұйымдар қоры бар.

Бақытжан Позилов-Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы

Қала әкімдігі жанынан ашылған call-center тәулік бойы жұмыс жасауда. Қаладағы бизнес субьектілері үшін «Ashyq» жобасы іске енгізілді. Қазіргі таңда 8915 бизнес субъектілері жобаға қосылды, бизнес субъектілеріне келушілердің статусын анықтау барысында 2138 қызыл және 736 сары мәртебелі азаматтар анықталды.